Құстардың есеп-санағын жүргізу бойынша шеберлік сағаты өтті!

1 сәуір – Халықаралық құстар күні, бұл күн құстарды қорғау және олардың экожүйедегі рөлін насихаттауға бағытталған. Құстар – жануарлар әлемінің ерекше әрі маңызды өкілдері. Осы мереке аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты табиғат пен орнитологияға қызығушылық танытатын жастар мен студенттер үшін «Көктемгі құстардың көші-қон кезіндегі есеп-санағын жүргізу» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің …

“TazaLike” экологиялық акциясы – таза табиғат үшін!

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында “Мөлдір бұлақ” тазалық акциясы өтті. Шара Жайық өзені жағасы мен Рыбоходный каналы бойында ұйымдастырылып, аумақ қоқыстан толық тазартылды. Нәтиже:50 қызметкер, 3 техника жұмылдырылды300 кг қоқыс жиналып, шығарылды Іс-шараға “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері және Атырау облысы Экология департаменті өкілдері қатысты. Табиғат тазалығы – өз қолымызда!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Қадірменді қала тұрғындары және қала қонақтары! 2025 жылдың сәуір айының 2-ші жұлдызында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын табиғи аумақта (аралық аумақ) әуесқой- спорттық балық аулау науқаны ашылатындығын хабарлайды. Әуесқой-спорттық балық аулау «Рыбоходный» және «Приморский» бекеті аумағында жүргізіледі.Сұрақтар бойынша төменде көрсетілген мекен жайға хабарласуға болады.Мекен жайымыз: Атырау қаласы, З. Қабдолов, 25 даңғылы.Жұмыс уақыты: 09:00-18:00 (түскі …

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторларының бірі. Оның алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолданылып, атқарылған жұмыс аз емес. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан …

«Парктер шеруі – 2025» халықаралық табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы өтті

2025 жылдың 26 наурызында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында «Парктер шеруі – 2025» халықаралық табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығының №3 экология-биология бірлестігінде ұйымдастырылды. Ашылу рәсіміне табиғат қорғау саласының мамандары, оқытушылар, студенттер мен мектеп оқушылары, сондай-ақ жергілікті билік өкілдері қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 200 адам. Шара барысында құттықтау …

“ТазаLike”

Республикалық “ТазаLike” экологиялық іс-шарасын өткізу бойынша бекітілген жол картасына сәйкес, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында “Таза аймақ” тазалық акциясы өткізілді. Шара ерекше қорғалатын табиғи аумақ – Жайық өзені жағасы мен Приморский каналы бойында ұйымдастырылды. Акция аясында ағаштар отырғызылып және аумақ толықтай қоқыстардан тазартылды. “TazaLike” – бұл біздің ортақ міндетіміз: әрбіріміз табиғатты қорғап, таза болашаққа қадам басамыз.

Қазақстанның биологиялық әралуандылығын қорғау – маңыздыміндет!

Мемлекет басшысы еліміздің табиғи байлығын сақтау, киікпопуляциясын реттеу және ілбіс санын көбейту жөнінде маңыздымәселелерді көтерді. «Экожүйеге түсетін салмақ артты, сондықтан жан-жақты шешімқабылдау қажет» – деді Президент. Мемлекет басшысы Халықаралық биологиялық әртүрлілікті қорғауқорын құруды ұсынды.Қордың мақсаты – Қазақстанның жануарлар әлемі мен табиғибайлығын сақтау, ерекше қорғауды қажет ететін түрлерді қорғаушараларын күшейту.Президент бұл ұйымның жұмысына жеке өзі жетекшілік етуге дайынекенін мәлімдеді, бұл бастаманың маңыздылығын ерекше көрсетеді. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты еліміздің биологиялықәралуандылығын сақтау жолында жүйелі жұмыс атқаруда.“Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының жергілікті флора мен фаунасы әр алуан. Бұл аймақта омыртқалы жануарлардың, құстардың, балықтардың, бауырымен жорғалаушылардың және сүтқоректілердіңкөптеген түрлері мекендейді және олардың көпшілгі Қызыл кітапқаенгізілген. Жайық өзенінің атырабы және оған іргелес жатқан Каспий теңізі жағалауы Сібір-Шығыс-Африкалық бағыты арқылы қонысаударатын құстар үшін маңызды жол болып табылады.Айрықша қорғалатын аумақта 292 құс түрі бар, олардың 110-ы Каспийдің Солтүстік Шығыс жағалауындағы аумақта ұя салады, 76-сы осында қыстайды, 106 түрі ұшу аймағында кездессе қалғандары – жылқұстары. Құстардың 36 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.“Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерват аумағында жануарлардын 48 түрі мекендейді. Осы топтардың ішінде 21 тобы- кеміргіштер, 12 топ- жыртқыштар, 8 топ-қолқанаттылар, 3 топ-қоянтәрізділер жәнетұяқтылар мекен етеді. Қазіргі таңда 2 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Яғни олар:Орыс выхохулы, европа норкасы.Резерват аумағында балықтың 32 түрі бар, ал 4 түрі Қызыл кітапқаенгізілген.Жайық өзені және Каспий теңізі жағалауында өсімдіктердің 227 түрікездеседі. Мұнда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгенөсімдіктердің 2 түрі кездеседі: Шренк қызғалдағы және Қазақстаншылымы.

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні: Болашақты біргеотырғызамыз! 

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясыаясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Ы. Алтынсарин және №43 орта мектеп оқушыларымен бірлесіп, 50 түп тал көшетін отырғызды.  Бұл шара – Қазақстан табиғатын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Оқушылар мен резерват қызметкерлері табиғаттың көркейіп, жасыл желеккеайналуына өз үлестерін қосып, экологиялық жауапкершілікті сезінді. Біз табиғатты аялау арқылы, болашаққа қамқорлық жасаймыз!

«Құстарға қамқорлық – табиғатқа жанашырлық»«Қанаттыларға жаңа мекен»

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері «Парктер шеруі», «Таза Like» экологиялық акциясы және «Құстар күні» мерекесі аясында ерекше шара ұйымдастырды! Ф.Оңғарсынова және Амангелді атындағы орта мектеп оқушыларымен бірге арнайы ұя жәшіктері жасалып, мектеп ауласына орнатылды. Бұл бастаманың басты мақсаты – оқушыларға құстардың экологиялық жүйедегі рөлін түсіндіру және олардың өмірін сақтап қалуға үлес қосу.

2025 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындық

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының өртке дайындық деңгейі тексерілді! Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы мен Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мамандары бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізді. Мақсат – өрттің алдын алу, қауіпсіздік шараларын күшейту және табиғатты қорғау! #ӨртҚауіпсіздігі #АқжайықРезерваты #ТабиғаттыҚорғау #Атырау #ОрманШаруашылығы #ТөтеншеЖағдайлар