Аң атуға тыйым салынады!

2024 жылдың қазан айының 27-сі күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының охотовед маманымен және мемлекеттік инспекторларымен күзгі аңшылық маусымына байланысты, резерват аумағына іргелес орналасқан тұрғындарға және әуесқой аңшыларға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ескертпе парақтарын (брошюра) таратылды. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты-резерват аумағында заңсыз аң аулаудың және өрт қауіпсіздігінің алдын алу.

МАРАПАТ!

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «20 қазан – Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» мерекесіне орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлерін төсбелгімен, құрмет грамотасымен сонымен қатар, мекеме директорының атымен алғыс хатпен марапатталды.

Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған рубрика:«Орманшы – табиғатқа қорғаншы»

Орман шаруашылығы қызметкерлері күні — жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстандағы кәсіби мереке. Осы мерекеге орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына еңбегі сіңген қызметкер – орман шебері Хибашев Аслан Мерекеұлы. Хибашев Аслан Мерекеұлы – көп жылдан бері табиғат қорғау саласында тынымсыз еңбек етіп келеді. Ұжымда құрметке ие,мұқият және сабырлы, ұстамды адам. Сонымен қатар, …

Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған рубрика:Табиғат қорғау саласында 10 жыл.

  Бейсов Жасулан Муханбетович 2015 жылдың қараша айынан бастап «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, Республикалық мемлекеттік мекемесінің  «табиғи кешенді қорғау, өсімін молайту және табиғат пайдалану» бөлімінде мемлекеттік инспектор лауазымы қызметін атқарып келеді. Қызмет атқарған күннен бастап жақсы жағынан көріне білді. Іске тиянақты, аса жауапкершілікпен қарайды. Бөлім басшылары берген тапсырмаларды уақытылы, ұқыпты орындайды. Мінезі ашық, іскер . …

Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған рубрика: «Табиғат әлемін қорғайық!» Бүгін, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының №3 Приморский бекетінде мекеме қызметкерлерімен және  Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 3 курс студенттерімен ағаш көшеті отырғызылды.Акция аясында жалпы 200 түп ағаш көшеті отырғызылды. Акцияның мақсаты ағаштарды отырғызу ғана емес, сонымен қатар …

Тәжірибе алмасу

2024 жылдың қазан айында ғылыми зерттеу және далалық зерттеу жұмыстарын орындауда біліктілігін арттыру мақсатында Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы “Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы” РММ-не ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкер-орнитолог маманы И.В.Бофонов және ғылыми-қызметкер ихтиолог маманы С.Ж.Сабирова тәжірибе алмасуға барды.

МАРАПАТТАУ!

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсібі одағы» қоғамдық бірлестігі «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлерін «10 қазан — ҚР кәсіподақтар күніне» орай, ұжымның кәсіподақтық өміріне белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталды.

Шұғыла» Демеушілік және Қайырымдылық бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні NCOC компаниясыда «Шұғыла» демеушілік және қайырымдылық (ДжҚ) бағдарламасына арналған дөңгелек үстелге «Ақжайық» МТР РММ директоры А.М. Карабалиев және ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Т. Махметова қатысты.         Дөңгелек үстел барысында ДжҚ бағдарламасы аясында іске асырылған әлеуметтік жобалар бойынша есеп беріледі. Сонымен қатар, 2025 жылға «ШҰҒЫЛА» демеушілік және қайырымдылық жобалар байқауына …