2 ақпан – Дүниежүзілік сулы-батпақты жерлер күні

         «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты сулы-батпақты алқаптардың, суда жүзетін жыл құстарының популяциясын сақтауда маңызы өте зор. Еуразия қоңыржай ендігінің кең жазығынан қыстау үшін Қазақстан арқылы Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшатын жыл құстары осы өңірде біраз тынығады, түлейді, май жинайды. Бұл жерде жылына екі рет көші-қон кезінде 280-нен астам құс түрі мекендейді, олардың ішінде көптеген сирек …

«Аймақтық дамуына әсер ететін экотуризм мақсатында тұрақты сулы-батпақты аумақтардың ресурстарын қолдану» атты оқу курсын өтті.

5-22 қараша аралығында ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Т. Махметова аймақтық Орта Азия елдеріне арналған JICA ұйымдастырған Жапония елінде «Аймақтық дамуына әсер ететін экотуризм мақсатында тұрақты сулы-батпақты аумақтардың ресурстарын қолдану» атты оқу курсын өтті. Курсті өту барысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында тұрақты экотуризмді дамыту бойынша іс-шара жоспары жасалды және сәтті аяқталуына байланысты сертификат табысталды.

Құрметті қазақстандықтар!Баршаңызды осы ұлық мереке – Конституция күніменшын жүректен құттықтаймын!

Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, гүлдене берсін!Сіздерге денсаулық, бейбітшілік, мейрімділік пен сәттілік тілейміз!Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!Ізгі ниетпен: «Ақжайық» МТР РММ басшысы Каримов Нұрболат Нұрланұлы.

Тал жапырақты тергүл(Lythrum salicaria)

Биіктігі 80-140см тіке,қатқыл бұта. Жапырағы қандауыр тәрізді,жасыл,күзде қызыл түсті болады. Гүлдері тығыз,шырақ түріндегі масақтарға жиналған,қызыл қара көк,жұлдызша түрінде,кішкене,диаметрі 1 см-ге дейін болады. Гүл шоғы мол,тарамдалған,көлемді,ашық қызғылт-көк түстес, ұсақ жұлдызшалы гүлдерден тұрады. Маусым -тамыз айларында гүлдейді 2 айдан аса, маусымның соңынан суық түскенге дейін гүлдейді. Мүлдем кез келген жағдайларда- көлеңкеде, күнге,құрғақ немесе ылғал топырақта, тіпті, суда …

Жедел штабтың мәліметінше, «Семей орманы» резерватында өртті сөндіру кезінде Успенское орманшылығының 14 қызметкері қаза тапты.

Жедел штабтың мәліметінше, «Семей орманы» резерватында өртті сөндіру кезінде Успенское орманшылығының 14 қызметкері қаза тапты.Естеріңізге сала кетейік, олармен байланыс 8 маусым күні үзілген болатын.Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз!

«Парктер шеруі — 2023» табиғат қорғау экологиялық акциясы аясында «Қызғалдақты сақтайық» атты тақырыбында қолөнер байқауы өтетінін хабарлаймыз.

Өтетін уақыты: 10 мамыр 2023 жыл – 25 мамыр 2023 жыл аралығы. Байқауға қойылатын талаптар: Қатысушы өз фантазиясымен (мата, қағаз, жіп, моншақ және т.б материалдар) қызғалдақ гүлін жасалуын видеоға түсіріп, өз парақшасына резерваттың ресми парақшасын (akzhaiyk_oopt) белгілеп салады немесе дайрект бөліміне жіберу керек; 5 — 9 сынып аралығындағы оқушылары болуы тиіс; Жұмыстың тақырыпқа толық сай …

Ағымдағы жылдың мамыр айының 5-і күні сағат 17:00-де Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясында «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау науқаны бойынша координациялық штаб отырысы өткізілді.

Аталмыш отырысқа «Ақжайық» МТР РММ – нің басшысының күзет жөніндегі орынбасары А.У. Дауылбаев қатысты. Жалпы науқанның мақсаты уылдырық шашу кезеңінде табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жерлерге қоныс аударуын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын балықтың заңсыз аулануы мен айналымына қарсы іс-қимыл бойынша күш біріктіру және қазіргі …