2024 жылдың қыркүйек айының 20-сы күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына Табиғи кешенді қорғау, өсімін молайту және табиғатты пайдалану бөлімінің орманшы мамандары және мемлекеттік инспекторлары қыстап қалатын құстарға ұя жасап, орнатты.
Дүниежүзілік тазалық күні
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 21 күні «Дүниежүзілік тазалық күніне» орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлерімен және Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, резерват аумағындағы №2 «Рыбоходный» бекетінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Дүниежүзілік тазалық күні — бұл күн, қоғам табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін бірігетін күн. Бұл маңызды оқиға …
Ерекше қауіпті зиянкестерге мониторингтік жұмыс жүргізілді
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйек күні «Ақжайық» МТР қызметкерлері және «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Атырау облысы Мақат аудандық филиалының қызметкерлерімен бірлесіп резерват аумағына ерекше қауіпті зиянкестерге мониторингтік жұмысы жүргізіліп, азиялық шегірткенің күбішегіне сынама алынды. Сынама нәтижесінде зиянкестің дернәсілі анықталмады.
13 қыркүйек күні “Экологиялық ағарту және насихаттау жұмыстарын жүргізу” жобасы аясында арнаулы техникалық білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватында экологиялық-туристік жорық ұйымдастырылды.
13 қыркүйек күні “Экологиялық ағарту және насихаттау жұмыстарын жүргізу” жобасы аясында арнаулы техникалық білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватында экологиялық-туристік жорық ұйымдастырылды.Жорыққа оқу орындарынан 5 адамнан құралған 1 команда және оқу орнынан 1 жетекші қатысты. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар “Приморский” каналының бойымен жүріп отырып, су бетіндегі тіршілікті бақылады.Су бетінде тіршілік ететін жан жануарлармен …
Құрқылтай құсы
Құрқылтай құсы (лат. Remiz pendulinus) – торғайтәрізділер отрядының бір туысы. Құрқылтайдың денесінің ұзындығы шамамен 12 см, салмағы 20 г дейін, қанатының ұзындығы 60 мм — ге дейін. Құрқылтай өз жемін негізінен ағаштардан, бұталардан және қамыстан іздейді. Ол жәндіктермен, өрмекшілермен және тұқымдармен қоректенеді. Көбею кезеңі мамырдан маусымға дейін созылады. Құрқылтайдың аталығы судың үстінде ілулі тұрған бұтақтарға …
ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ !
2024 жылдың 17 қыркүйек күні «Ақжайық» МТР РММ Instagram парақшасында тікелей эфир өтеді!
Бақытты отбасы!
Көп балалы отбасы – ол бақытқа, шаттыққа толы жанұя, береке-бірліктің, сыйластық пен татулықтың, адамгершілік құндылықтардың тоғысқан жері. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Бала – үйіміздің берекесі, көз қуанышымыз, жүрегіміздің жұбанышы және ұлтымыздың баға жетпес құнды қазынасы десек артық болмас. Бейсов Жасұлан Муханбетович 2015 жылдың қараша айынан бастап «Ақжайық» …
«Есте сақта! Өрт қауіпті!» тақырыбында дәріс өткізілді
2024 жылдың қыркүйек айының 6-шы жұлдызында Халел Доммұхамедов атындағы Атырау Университетінде «Ақжайық» МТР-ның Табиғи кешенді қорғау, өсімін молайту және табиғатты пайдалану бөлімінің маманы 1 курс студенттеріне «Есте сақта! Өрт қауіпті!» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің басты мақсаты: Студенттерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды түсіндіру.
1-ші курс студенттеріне «5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдер күні» атты тақырыбында іс-шара өткізілді
2024 жылдың қыркүйек айының 5-і күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары 1-ші курс студенттеріне «5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдер күні» атты тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты: көпұлтты елдің тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын …
«ЖАҢА ЖЕР» (Новинский) мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі Новинский мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы Атырау облысы Құрманғазы әкімшілік округінің аумағында орналасқан. Ерекше қорғалатын аумақтардың жалпы ауданы 45 000 га. «Новинский» мемлекеттік қаумалы, Каспий теңізінің үлкенді-кішілі аралдарында және қол жетпейтін бөліктерінде орналасқан. Аралдар теңіз суларының қатты желдері кезінде 70-80% су астында қалады. Қаумал биоалуантүрлілігі оның ішінде құстардың шоғырлануына таптырмас мекен. Атап …
Read more ««ЖАҢА ЖЕР» (Новинский) мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы»