«ЕмбіМұнайГаз» АҚ қызметкерлерімен кездесу өтті

7 қазан күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары «ЕмбіМұнайГаз» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында резерваттың қызметі, биоалуантүрлілігі, экотуристік бағыттары және басқа да ақылы қызмет түрлері таныстырылды. 🎣 Сондай-ақ әуесқой-спорттық балық аулау тәртібі, рұқсат алу талаптары және табиғатты қорғау ережелері түсіндірілді. 🌱 Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

4 ҚАЗАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

2 қазан күні “4 қазан – Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне” орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экология мамандығында білім алатын 1 және 4 курс студенттеріне «Ақжайық» резерватының биоалуантүрлілігі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. 🌿 Дәріс барысында резерват аумағында мекендейтін жануарлар дүниесі, сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлері, олардың табиғи экожүйедегі …

«Таза табиғат – тартымды туризм» туристік-спорттық сайысы өтті!

28 қыркүйек күні “27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне” орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Абай атындағы Атырау облысының оқушылар орталығы» бірлесіп туристік-спорттық сайыс ұйымдастырды. Сайысқа оқушылар, ұстаздар, резерват қызметкерлері және қонақ ретінде NCOC компаниясының маманы қатысты. 🌱 Шараның мақсаты – оқушылардың туризмге қызығушылығын арттыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу және командалық рухты нығайту. 🏃‍♀️ Оқушылар арасында …

Дүниежүзілік туризм күніне орай «Ақжайық» резерватының қызметкерлері марапатталды

Дүниежүзілік туризм күніне орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының бір топ қызметкеріне Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Н. Сыдықовтың Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.Шара барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи аумақтарды сақтау, экологиялық туризмді дамыту және табиғи мұраны насихаттау бағытында еселі еңбек етіп жүрген сала мамандарының еңбегі ерекше атап өтілді.Марапат иелеріне кәсіби қызметтеріне …

27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні!

Осы айтулы күнге орай Атырау облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Атырау облысының туризмі: жаңа мүмкіндіктер мен басым бағыттар» тақырыбында өңірлік туристік форум өтті. Форумға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ директоры Ж.Т. Муратуллин, ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н.Т. Махметова және мекеме қызметкерлері қатысты. Форум барысында өңірдегі туризмді дамыту, жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру, экологиялық …

«Таза Қазақстан» – таза табиғат!

Бүгін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні аясында экологиялық сенбілік өткізді. 🧹 Сенбілік Рыбоходный каналы бойында ұйымдастырылып, оған 50 қызметкер қатысты. Ұжым бірлесіп, аумақты қоқыстан тазалап, табиғи ортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосты. 🌱 Таза табиғат – таза болашақтың кепілі.Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! 💚 ТазаҚазақстан #WorldCleanupDay

«Ақжайық» резерватына жұмыс сапарымен келді

2026 жылғы 16 қыркүйек күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы А.С. Бермагамбетов «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында резерват қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, оған Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Р.Г. Дәулетов қатысты. Кездесу барысында резерват аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстардың …

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымымен кездесу өтті

2026 жылғы 15 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлік инспекторы А.Қ. Бегімбековтің Атырау облысына экологиялық ахуал мәселелері бойынша жоспарланған жұмыс сапары аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымымен кездесу өтті. Сапар барысында резерват аумағына әуеден бақылау жүргізіліп, Каспий теңізінің тайыздануына байланысты аумақта пайда болатын шаңды дауылдардың жағдайы қаралды. Кездесу барысында резерваттың табиғи кешендерді қорғау және …

Танымдық дәріс өтті

2026 жылғы 15 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Атырау қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы №7 орта мектептің оқушыларына «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының биоалуантүрлілігі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға резерват аумағында кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, құстардың алуан түрлері, сондай-ақ сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, табиғи аумақтарды …

«Таза Қазақстан» – табиғатты бірге қорғайық!

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумаққа келушілер арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ♻️ Келушілерге табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, қоқыс қалдырмау, табиғи аумақтарда белгіленген талаптарды сақтау және биоалуантүрлілікті қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді. 🌱 Табиғатты қорғау – әр адамның ортақ міндеті!