«Ақжайық» МТР аумағында бірлескен рейд өтті
2025 жылғы 2-3 тамызда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бірлескен рейдтік шара ұйымдастырылды. Рейдке Резерват инспекторларымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі және Атырау облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары қатысты. Тексеру барысында рұқсатсыз кіру, заңсыз балық аулау, аңшылық және өрт қауіпінің алдын алу жұмыстары жүргізілді. …
