​ Ондатр

Ондатр (лат. Ondatra zibethicus) – кеміргіштер отрядына жататын терісі бағалы аң. Қорек талғамайды, негізінен суда өсетін өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 2-3 рет балалап, 25-30-ға дейін ұрпақ әкеледі. Дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 18-28 см, ал салмағы 1,8 килограмға дейін барады.Ондатр құрлықта да, суда да қатар тіршілік ете береді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. …

Кезекті дәріс сабақ өткізілді

2024 жылдың қараша айының 1-і күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандарымен Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінде 1-ші курс студенттеріне «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметі және экологиялық маңыздылығы» атты тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

2024 жылдың қазан айының 30-ы күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Акт залында «Резерваттың қызметі және өзекті мәселелері»бойынша  жиналыс өткізілді.

  Жиналысқа қатысқандар: «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры А.М. Карабалиев және Ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Т. Махметова, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрайымы Б.И. Досмухамбетова, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрайымының орынбасары Ә.М. Мырзағалиева, ҚХП АОФ жанынан құрылған Әйелдер қанатының жетекшісі Л.Н. Кубентаева, «Теміржолшылар» Бастауыш партия ұйымының басшысы М.С. Утепов, «Экология» Бастауыш партия ұйымының басшысы А.А. Джабасова.

«Ақжайық» мемлекеттік

2024 жылдың қазан айының 29-ы күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы Н.Ж. Сулайманова 2-ші курс студенттеріне «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының биоалуантүрлілігі және қызметі» атты тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.Дәрістің басты мақсаты – «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының тыныс тіршілігімен кеңірек таныстыру.Дәрістің соңында студенттерге бетшелер таратылып, фотокөрмемен жалғасын …

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

      Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл …

Аң атуға тыйым салынады!

2024 жылдың қазан айының 27-сі күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының охотовед маманымен және мемлекеттік инспекторларымен күзгі аңшылық маусымына байланысты, резерват аумағына іргелес орналасқан тұрғындарға және әуесқой аңшыларға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ескертпе парақтарын (брошюра) таратылды. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты-резерват аумағында заңсыз аң аулаудың және өрт қауіпсіздігінің алдын алу.

МАРАПАТ!

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «20 қазан – Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» мерекесіне орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлерін төсбелгімен, құрмет грамотасымен сонымен қатар, мекеме директорының атымен алғыс хатпен марапатталды.