🔹Таза Қазақстан – болашақ кепілі
2026 жылғы 13 наурыз күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи аумақтардағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында «Таза Қазақстан – болашақ кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары мен өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары, орта оқу орындарының студенттері және Атырау облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Шара резерватқа қарасты ангар аумағында …
