13 қыркүйек күні “Экологиялық ағарту және насихаттау жұмыстарын жүргізу” жобасы аясында арнаулы техникалық білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватында экологиялық-туристік жорық ұйымдастырылды.

13 қыркүйек күні “Экологиялық ағарту және насихаттау жұмыстарын жүргізу” жобасы аясында арнаулы техникалық білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватында экологиялық-туристік жорық ұйымдастырылды.Жорыққа оқу орындарынан 5 адамнан құралған 1 команда және оқу орнынан 1 жетекші қатысты. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар “Приморский” каналының бойымен жүріп отырып, су бетіндегі тіршілікті бақылады.Су бетінде тіршілік ететін жан жануарлармен …

Құрқылтай құсы

Құрқылтай құсы (лат. Remiz pendulinus) – торғайтәрізділер отрядының бір туысы. Құрқылтайдың денесінің ұзындығы шамамен 12 см, салмағы 20 г дейін, қанатының ұзындығы 60 мм — ге дейін. Құрқылтай өз жемін негізінен ағаштардан, бұталардан және қамыстан іздейді. Ол жәндіктермен, өрмекшілермен және тұқымдармен қоректенеді. Көбею кезеңі мамырдан маусымға дейін созылады. Құрқылтайдың аталығы судың үстінде ілулі тұрған бұтақтарға …

Бақытты отбасы!

Көп балалы отбасы – ол бақытқа, шаттыққа толы жанұя, береке-бірліктің, сыйластық пен татулықтың, адамгершілік құндылықтардың тоғысқан жері. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Бала – үйіміздің берекесі, көз қуанышымыз, жүрегіміздің жұбанышы және ұлтымыздың баға жетпес құнды қазынасы десек артық болмас. Бейсов Жасұлан Муханбетович  2015 жылдың қараша айынан бастап «Ақжайық» …

«Есте сақта! Өрт қауіпті!» тақырыбында дәріс өткізілді

2024 жылдың қыркүйек айының 6-шы жұлдызында Халел Доммұхамедов атындағы Атырау Университетінде «Ақжайық» МТР-ның Табиғи кешенді қорғау, өсімін молайту және табиғатты пайдалану бөлімінің маманы 1 курс студенттеріне «Есте сақта! Өрт қауіпті!» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің басты мақсаты: Студенттерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды түсіндіру.

1-ші курс студенттеріне «5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдер күні» атты тақырыбында іс-шара өткізілді

2024 жылдың қыркүйек айының 5-і күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары 1-ші курс студенттеріне «5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдер күні» атты тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты: көпұлтты елдің тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын …

«ЖАҢА ЖЕР» (Новинский) мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі Новинский мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы Атырау облысы Құрманғазы әкімшілік округінің аумағында орналасқан. Ерекше қорғалатын аумақтардың жалпы ауданы 45 000 га. «Новинский» мемлекеттік қаумалы, Каспий теңізінің үлкенді-кішілі аралдарында және қол жетпейтін бөліктерінде орналасқан. Аралдар теңіз суларының қатты желдері кезінде 70-80% су астында қалады.  Қаумал биоалуантүрлілігі оның ішінде құстардың шоғырлануына таптырмас мекен. Атап …