Тәжірибе алмасу

2024 жылдың қазан айында ғылыми зерттеу және далалық зерттеу жұмыстарын орындауда біліктілігін арттыру мақсатында Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы “Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы” РММ-не ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкер-орнитолог маманы И.В.Бофонов және ғылыми-қызметкер ихтиолог маманы С.Ж.Сабирова тәжірибе алмасуға барды.

МАРАПАТТАУ!

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсібі одағы» қоғамдық бірлестігі «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлерін «10 қазан — ҚР кәсіподақтар күніне» орай, ұжымның кәсіподақтық өміріне белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталды.

Шұғыла» Демеушілік және Қайырымдылық бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні NCOC компаниясыда «Шұғыла» демеушілік және қайырымдылық (ДжҚ) бағдарламасына арналған дөңгелек үстелге «Ақжайық» МТР РММ директоры А.М. Карабалиев және ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Т. Махметова қатысты.         Дөңгелек үстел барысында ДжҚ бағдарламасы аясында іске асырылған әлеуметтік жобалар бойынша есеп беріледі. Сонымен қатар, 2025 жылға «ШҰҒЫЛА» демеушілік және қайырымдылық жобалар байқауына …

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының бұйрығымен Карабалиев Асхат Маратұлы «Ақжайық» МТР РММ директоры лауазымына тағайындалды. Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Даулетов Ризабек Галымжанұлы резерват қызметкерлерімен кездесу барысында жаңа басшыны лауазымдық тағайындау туралы бұйрықпен салтанатты түрде таныстырып Асхат Маратұлына жаңа қызметте сәттілік тіледі. …

Онлайн-брифинг өтті

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні сағат 12:00-де Атырау облысы әкімі аппаратының “Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ-де «Қамыс өрті туралы» баспасөз брифингі өтті. Онлайн брифингке қатысқандар: «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры А.М. Карабалиев, Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.И. Абдуллин, Атырау облысы Экология департаменті басшысының м.а. Е.С.  Есенов. Қатысушылар аймақтағы қамыс өрттері туралы ақпарат беріп, …

Өрт туралы ақпарат

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Резерват) 2024 жылдың 08 қазанда резерваттың шекаралас аумағында өрт оқиғасы орын алды. Өртеніп жатырған аумақ Солтүстік Каспий теңізінің Оң жақ жағалауы сулы батпақты қамысты жерлер. 08 қазан 2024 жылы сағат 15-50 шамасында резерватқа қарасты 15 кварталға өрт ауысып, резерваттың 20 қызметкері, 3 шағын өрт сөндіру (МЛПК) машинасы, 2 …

4 қазан – Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні

 Ағымдағы жылдың қазан айының 4-і күні «Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне» орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мамандарының және Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының ұйымдастыруымен «Жойылып кету қаупі төнген жануарларды қорғауда Қазақстанның «Қызыл кітабының» маңызы Жануарлар дүниесін сақтаудың маңызы, болашақ жас ұрпақты жануарларды қорғау саласына белсенділік танытуға шақыру» атты тақырыбында дәріс сабақ …