2025 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындық

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының өртке дайындық деңгейі тексерілді! Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы мен Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мамандары бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізді. Мақсат – өрттің алдын алу, қауіпсіздік шараларын күшейту және табиғатты қорғау! #ӨртҚауіпсіздігі #АқжайықРезерваты #ТабиғаттыҚорғау #Атырау #ОрманШаруашылығы #ТөтеншеЖағдайлар

 18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР КҮНІ

Бүгін – ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық киімдерімізді дәріптейтін күн! Қазақтың шапаны, камзолы, сәукелесі мен тымағы – халқымыздың бай мәдениетінің айғағы. Ұлттық киіміміз – ұлтымыздың рухани байлығы мен даралығының белгісі. Оны сақтап, насихаттау – әрбіріміздің міндетіміз!

TazaQazBot-қа қосылыңыз!

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Бұл бағыттағы маңызды бастама Телеграм-чат-бот TazaQazBot болды, ол 2024 жылғы маусымнан бастап халықтан өтінімдерді қабылдау үшін ыңғайлы құралға айналды. TazaQazBot қалай жұмыс істейді? Чатботты пайдалану мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы. Өтініш беру үшін сізге: Кейін ақпарат жергілікті атқарушы органдарға …

«Ақжайық» резерватында жануарларға мониторинг жүргізу  және есепке алу – табиғатты қорғау құралы ретінде

         «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты Жайық өзенінің сағасы мен Каспий теңізі жағалауындағы биологиялық әртүрлілікті сақтау ісінде маңызды рөл атқарады. Резерват экожүйесін тиімді қорғау мақсатында жануарларды тұрақты түрде мониторинг және есепке алу жүргізіледі.          «Ақжайық» резерватындағы жануарларды есепке алу әдістері          Резерват аумағындағы фаунаның жағдайын бағалау үшін келесі әдістер қолданылады:          • Териологиялық зерттеулер: сүтқоректілерді есепке алу …

«Аң мен құс – елдің мүддесі»

2025 жылдың 13 наурызында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары мен Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығының №3 экология-биология бірлестігі бірлесіп, оқушыларға «Аң мен құс – елдің мүддесі» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға еліміздің аңдары мен құстарының маңызы туралы маңызды ақпарат берілді. Дәрістің соңында түрлі ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар арнайы көрмемен танысты.