Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының биалуантүрлілігі бетшелерде бейнеленген

Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының биалуантүрлілігі бетшелерде бейнеленген⠀Кішкентай ғана бетшелерде – тұтас бір әлем! Құстар, сулы-батпақты жерлер, өсімдіктер – бәрі көрініс тапқан.⠀Ақжайық – бұл Атырау облысындағы табиғаттың нағыз інжу-маржаны.⠀Бұндай парақшалар туған өлкені жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді!

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының бұйрығымен Ескабулов Даурен Кайыржанович «Ақжайық» МТР РММ директоры лауазымына тағайындалды. Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Даулетов Ризабек Галымжанұлы резерват қызметкерлерімен кездесу барысында жаңа басшыны лауазымдық тағайындау туралы бұйрықпен салтанатты түрде таныстырып Даурен Кайыржановичке жаңа қызметте сәттілік тіледі. …

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша сыртқы талдаунәтижелері талқыланды

2025 жылғы 13 наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен №18-2-5/569-И1 хаты келіп түсті. Онда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқыталдаудың анықтамасы ұсынылған. Аталған анықтама ұжымда талқыланып, келесі шараларды назарға алутапсырылды: ​•​Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 380-бабын қолдану кезінде 43, 57 және 366-баптарындағы іс жүргізу тәртібін қатаңсақтау; ​•​Қызметкерлерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу; ​•​Болашақта заңбұзушылыққа жол беретін себептер мен жағдайларды жою бойынша нақты іс-шаралар қабылдау.

«Парктер шеруі – 2025» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

2025 жылдың 4 ақпанында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары мен №50 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары бірлесіп, ағаш отырғызу шарасын өткізді. Жалпы – 35 тал отырғызылды.Қатысушылар саны – 50 адам. Мақсат – жас ұрпаққа табиғатты сүюді, қорғауды үйрету және жасыл ортаны көбейту. Табиғатты бірге қорғайық!

«Бекіре-2025» кең ауқымды балық қорғау акциясы

Ағымдағы жылдың 31 мамырында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетовтің бастамасымен,  1 сәуірден 31 мамырға дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2025» кең ауқымды балық қорғау акциясы басталуы бойынша, үйлестіру штабының отырысы өтті. Бұл кезеңде табиғат қорғау және құқық қорғау органдары бағалы балық түрлерін, соның ішінде …