ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ «АҚ ЖАЙЫҚ» РЕЗЕРВАТЫНДА

Табиғатпен үндестік – нағыз демалыс! Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі – «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватында табиғатты қорғау мен танымдық туризм қатар дамып келеді. Резерват аумағында экологиялық туризмді дамыту мақсатында арнайы 4 маршрут әзірленіп, ресми бекітілген. Тур бағыттары: «Табиғат әлемі» • Көлікпен жүретін маршрут • Ұзақтығы: 46 км | 5 сағ 50 мин • Сәуір – Маусым | 30 адам «Су әлемі» • Көлікпен және …

”Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының биоалуантүрлілігі – шетелдік қонақтардың жүрегінде!

“Ақжайық”мемлекеттік табиғи резерватына шет елдік қонақтар сапармен келді.Табиғаттың тұмса сұлулығына тәнті болған меймандар өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты. Каспий маңы экожүйесінің байлығы мен ерекше биологиялық әртүрлілік — қонақтар үшін ұмытылмас әсер қалдырды. Бейнежазбада олардың шынайы эмоциялары мен жүрекжарды тілектерін тыңдай аласыз.

Қызғалдақтар – табиғаттың нәзік сұлулығы!

⠀ 2025 жылғы 21 мамыр күні «Парктер шеруі – 2025» табиғат қорғау акциясы аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары №4 Ю.А. Гагарин атындағы орта мектептің оқушыларымен ерекше кездесу өткізді. Қызғалдақтар күніне арналған шарада балалар табиғаттың әсемдігін танып, туған өлкенің өсімдіктеріне қамқорлық жасау қажеттігін ұғынды. Іс-шара барысында оқушылар резерваттың қызметімен танысып, …

Өрт — тілсіз жау!

2025 жылдың 20 мамырында «Парктер шеруі – 2025» табиғат қорғау акциясы аясында Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектепте «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізді. ⠀ Мекеменің күзет инженері Г.Б. Беймбетова резерват аумағында және шекаралас аймақтарда өрттің алдын алу шаралары туралы баяндады.⠀Осындай түсіндіру жұмыстары арқылы табиғатты қорғауға әрқайсымыз үлес қоса аламыз.

Экологиялық дәріс өткізілді

2025 жылдың 20 мамыр күні «Парктер шеруі – 2025» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің оқушыларымен экологиялық дәріс өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау тақырыптарында мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, дәріс соңында қатысушылар экологиялық фотокөрмені …

Көкнәр

“Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватында, Зарослый канал бойында, көкнәр гүлі кездесті. Көкнәр (лат. Papaver) — бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 11 түрі бар, көбіне далалы, шөлейт және таулы өңірлерде өседі. Қазақстан даласында жиі кездесетін, биіктігі 20-90 см-ге дейін жететін шөптесін өсімдік. Оның нәзік гүлдері ақ, сары, қызғылт, қып-қызыл түстерімен көз тартады.Көкнәр – сұлулықтың …

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылдың 12 мамырынан бастап «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ерекше қорғалатын табиғи аумақта (аралық аймақта) әуесқой-спорттық балық аулау науқанының уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Табиғатты қорғау — ортақ міндетіміз!

“Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының аумағында ғылыми мониторинг жүргізілді. Зерттеу барысында флора мен фаунаның қазіргі жағдайы бағаланып, экожүйенің тұрақтылығына талдау жасалды.