Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі

Жемқорлықпен күрес — бүгінгі күннің ең өзекті және алғашқы мәселелерінің бірі. Әрбір қоғамның даму жолында жемқорлыққа қарсы күресу заңның негізі мен этикалық нормалардың берік болуы маңызды болып табылады. Жемқорлық, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарға теріс әсер ете отырып, азаматтардың сенімін жояды, әлеуметтік әділеттілікке зиян келтіреді. Заңның үстемдігі жемқорлыққа қарсы күрестің негізін құрайды. Заңды құрметтеу, әділдік сезімін …

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт толықтай сөндірілді

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрт толықтай сөндірілді2025 жылғы 24 маусым күні сағат 14:00-де «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында орын алған өрт толықтай сөндірілді.Тілсіз жауды ауыздықтауға шамамен 150 адам және 35 техника бірлігі жұмылдырылды.Өрттің одан әрі таралуын болдырмауға бағытталған барлық қажетті шаралар толық көлемде жүзеге асырылды.Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

“Ақжайық”резерваты аумағындағы өртке қатысты

13 маусым күні Атырау қ. Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде “Ақжайық” резерваты аумағында қамыстың өртенуі орын алды.Қабылданған шаралар нәтижесінде 1510 га аумақтағы өрт оқшауланды.Сөндіру жұмыстарына Экология және табиғи ресурстар, ТЖМ, Қорғаныс министрліктері, ЖАО-ның барлық қажетті күштері мен құралдары, яғни 100-ден астам адам мен 30 бірлік техника, сондай-ақ ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.Қызметкерлер қауіпті аймақта тәулік бойы …

“Бекіре-2025” акциясы қорытындыланды

2025 жылғы 12 маусымда Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында “Бекіре–2025” табиғат қорғау акциясының қорытындысы шығарылды. Аталған шара барысында су биоресурстарын заңсыз аулауға жол бермеу, браконьерлікпен күрес және экологиялық бақылауды күшейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Акция аяқталғанымен, табиғатты қорғау мен заңсыз балық аулауға қарсы күрес шаралары жыл бойы жалғасады.

МАРАПАТТАЛДЫ!

Батыс Қазақстан облысында іссапарда жүрген “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің инспекторлары Сатыбалды Сәрсенбайұлы мен Артур Боранқұлұлы Алғабас ауылдық округінің әкімінің қабылдауында болды. Инспекторлар аталған округ аумағында орналасқан бір үйден өрт шыққанын байқап, дер кезінде хабар беріп, өртті сөндіруге белсенді түрде атсалысқан. Өзгелерге үлгі боларлық осы іс-әрекеттері үшін округ әкімі оларға алғыс білдіріп, ризашылығын …

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы өрт толықтай сөндірілді

2025 жылғы 9 маусым күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында болған өрт толықтай сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар:• «Ақжайық» МТР – 32 қызметкер, 10 техника бірлігі, 2 жүзу құралы;• Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) – 83 маман, 15 техника бірлігі;• «Қазавиақұтқару» АҚ – МИ-8 тікұшағы 10 мәрте әуеден су …

Бүгін маңызды даталардың бірі — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.

Өздеріңіз білетіндей, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы іске асырылуда.Осы жылдың басынан бері концепция аясында ел аумағында 405 іс-шара өтті. Олардың қатарында «Таза қала», «Таза өлке», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Таза жағалау», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Мөлдір бұлақ», «Халықаралық құстар күні» және т. б. …

“Ақжайық” резерватындағы қамыстың жануы оқшауланды

2 маусым 2025 жылы«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында қамыстың жануы оқшауланды.Жанған аумақ: шамамен 1050 гектар. Өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер:•⁠ ⁠«Ақжайық» МТР — 32 қызметкер, 10 техника, 2 жүзу құралы•⁠ ⁠Атырау облысы ТЖД — 85 қызметкер, 15 техника-«Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы 10 мәрте ұшып, 30 тонна су төкті. Өрт 2025 жылғы 31 мамыр күні таңертең Атырау қаласынан …