Каспий теңізінің эндемигі — кадрда!

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің мамандары кезекті ғылыми мониторинг жұмыстары барысында Каспий итбалығын объективке түсіріп алды. Каспий итбалығы — теңіздің эндемигі, яғни әлемде тек осы теңізде ғана өмір сүретін ерекше тіршілік иесі.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Мұндай сәттер өте сирек кездеседі және ерекше ғылыми құндылыққа ие.

Құстардың өліміне байланысты зерттеу нәтижесі

2025 жылы 20 шілдеде Шалыга аралында табылған 3 өлі шағала құстарының үлгісін Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жолданып, зертханалық талдау жүргізілді. 22.07.2025 ж. №1-S25W-181/B- -02-01 хаттамасына сәйкес, жұқпалы ауру белгілері анықталмады. 23 шілдеде резерват мамандары және уәкілетті органдар бірлесіп, құс өлекселерін ветеринариялық тәртіппен жойды. Құстарға қатысты бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының үйлестіру кеңесі өтті

2025 жылғы 29 шілдеде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының акт залында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Кеңеске қатысушылар:• «Ақжайық» МТР РММ директоры – Д.К. Ескабулов• Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы – Б.Б. Измуханова• Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы – А.Р. Қалжанова• Дамбы ауылдық округі әкімдігінің өкілі – А.Ш. Сабиров• Атырау облысы Дене шынықтыру …

ХАБАРЛАМА!

ХАБАРЛАМА «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен өткізілетін балықшылар арасындағы әуесқой–спорттық балық аулау турниріне қатысушылар санының толық жиналуына байланысты тіркеу тоқтатылды. Іс-шараға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

ХАБАРЛАМА! / ОБЪЯВЛЕНИЕ!

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен балықшылар арасындағы әуесқой–спорттық балық аулауданашық турнирге шақырамыз! / Приглашаем на открытый турнир по любительско–спортивной рыбалке среди рыбаков, организованныйгосударственным природным резерватом «Акжайык»! Турнирге қатысып, құнды жүлделерді жеңіп алыңыз! / Участвуйте лично и выиграйте ценные призы! Күні / Дата: 16 тамыз / 16 августаУақыты / Время: 06:00 – 15:00Өтетін орны / Место …

Өрттен кейінгі қалпына келтіру жұмыстары

Табиғи өрттен зардап шеккен аумақта минералды жолақтар салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл — өрттің таралу қаупін төмендетіп, экожүйені біртіндеп қалпына келтірудегі маңызды қадам. Минералды жолақтар шөп пен қамыстың қайта өсіп шығуына жағдай жасайды.Қазіргі таңда техника күшімен күл басқан аумақтар терең өңделіп жатыр. Бірлескен еңбек — табиғатқа деген шынайы жанашырлықтың көрінісі.

Мәжіліс депутаты «Ақжайықтағы» өзекті мәселелермен танысты

2025 жылдың 1 шілдесінде Мәжіліс депутаты Ерубаев Серік Сәрсенұлы«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен Жайық–Каспий балық шаруашылығы инспекциясының жұмысымен танысты. Кездесуге бірқатар сала мамандары, оның ішінде Талқыланған мәселелер:– Кадр және техника тапшылығы– Орман өрттерінің алдын алу– Браконьерлікпен күрес– Балық жүретін өзектерді қалпына келтіру– Резерватты жергілікті басқаруға беру Ұсыныстар Мәжіліс деңгейінде қаралатын болады. Сонымен қатар, кездесудің соңында …