Хабарландыру

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының буферлік аймағында әуесқой (спорттық) балық аулауға 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 шілдеге дейін 14,995 тонна лимит белгіленген. Қазіргі уақытта оның 2,160 тоннасы игерілді. Ауа райының қолайсыздығына және су айдындарында мұз қалыңдығының қалыптасуына байланысты, ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығы және оған ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы …

Құлақты жапалақ

Құлақты жапалақ — түнгі жыртқыш құс. Басының үстіндегі «құлаққа ұқсас» қауырсындарымен ерекшеленеді. Ормандарда, тоғайларда және ашық алқаптарда мекендейді. Кеміргіштермен қоректеніп, табиғи тепе-теңдікті сақтауға маңызды үлес қосады.Құлақты жапалақ — табиғат үшін маңызды құс түрі.

МАРАПАТТАЛДЫ!!!

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсан күні«Байтақ» жасылдар партиясының Атырау облыстық филиалының депутаттары «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында табиғатты қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығы атап өтіліп, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған ортақ жауапкершілік мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта экологиялық бағыттағы бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. Кездесу қорытындысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамға …

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан күні

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімі мамандары Табиғатты қорғау, өсімін молайту және табиғатты пайдалану бөлімінің мемлекеттік инспекторларына семинар сабағын өткізді. Семинар тақырыбы:«Резерваттың су айдындарында балықтардың тұншығуы қаупінің алдын алу шараларын түсіндіру». Сабақ барысында инспекторларға су айдындарындағы оттегінің азаю себептері, балықтардың тұншығу қаупін ерте анықтау тәсілдері және алдын алу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру жолдары жан-жақты …