Объективте – қабан
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары аумақты бақылау және биотехникалық іс-шаралар барысында жабайы қабанды бейнежазбаға түсірді. Табиғи кешеннің жай-күйін бақылау және жануарлар дүниесін қорғау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Кезекті ғылыми мониторинг
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері — ихтиолог және гидрохимик — резерват аумағында балықтың тұншығуы мен қырылуының алдын алу мақсатында кезекті мониторингтік бақылау жұмыстарын жүргізді.
Аэрация – су экожүйесін сақтаудың тиімді жолы
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы су айдындарында аэрация жүргізу жұмыстары жүзеге асырылды. Мемлекеттік инспекторлар судағы еріген оттегінің деңгейін және су биоресурстарының жағдайын тұрақты бақылауда ұстады. Аэрация оттегінің мөлшерін арттырып, су организмдерінің тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасайды. Бұл биологиялық әртүрлілікті сақтауға, судың сапасын жақсартуға және табиғи экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Табиғатты бірге қорғайық!
Алматы қаласындағы Ботаникалық бақта Қазақстанның барлық ұлттық парктері, қорықтары мен резерваттарынан келген 50 өкіл бас қосты.
Атап айтқанда, Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының 50 қызметкері — 14 ұлттық парк, 10 қорық және 7 резерват өкілдері, сондай-ақ 2 мемлекеттік ботаникалық бақ, «Охотзоопром» және «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорындары, Топырақтану және агрохимия институты мен Зоология институтының мамандары тиімді коммуникациялар бойынша тренингке қатысты. Тренинг 14–16 қаңтар аралығында «GREEN SCIENCE KZ» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба «Шеврон» компаниясының қолдауымен …
Кішкентай аққұтан
Кішкентай аққұтан — су айдындары маңында тіршілік ететін әсем әрі сымбатты құс. Денесі аппақ, аяқтары ұзын, тұмсығы жіңішке. Көлдер мен өзендердің жағасында, батпақты жерлерде мекендейді. Ұсақ балықтармен, жәндіктермен қоректенеді.Кішкентай аққұтан — Қызыл кітапқа енген, табиғаттың тазалығын білдіретін маңызды әрі сирек кездесетін құс түрі.
Биотехникалық іс-шаралар
2026 жылдың 3 қаңтары бекітілген жоспарға сәйкес Пешной аумағында биотехникалық іс-шаралар жүргізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты — жануарлар дүниесін сақтау, олардың табиғи тіршілік ету ортасын қолдау, сондай-ақ қыс мезгіліндегі қоректік базаны жақсарту. Барлық жұмыстар ұйымдасқан түрде, техника қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтай отырып атқарылды. Қатысқан қызметкерлер белгіленген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындады.
