🇰🇿 20 наурыз – Ұлттық спорт күні!

Осы атаулы күнге орай, “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы Еркінқала елді мекеніндегі «Нұрлы-Тал» этнопаркінде ұлттық спорт түрлерінен іс-шара ұйымдастырып өткізді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық спортты насихаттау, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұжымдық бірлікті нығайту. Ұлттық ойындар арқылы қатысушылар қазақ халқының бай мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте …

🌿 19 наурыз – Жаңару күні!

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Жаңару күніне орай табиғатты қорғау және қоршаған ортаны көркейту мақсатында игі шара ұйымдастырды. Іс-шара аясында №3 Приморский бекетінің аумағына 15 түп ағаш көшеті отырғызылып, мекеме аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бұл бастама ұжымның экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген …

Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті!

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты Атырау облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамында аңшылық маусымының ашылуына және өрт қауіпті кезеңге дайындық аясында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи өрттердің алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша маңызды шаралар талқыланды. Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті!

🔹Таза Қазақстан – болашақ кепілі

2026 жылғы 13 наурыз күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи аумақтардағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында «Таза Қазақстан – болашақ кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары мен өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары, орта оқу орындарының студенттері және Атырау облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Шара резерватқа қарасты ангар аумағында …

📢 «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық дәріс

Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары №4 Ю. Гагарин атындағы мектеп оқушыларына «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылар үш топқа бөлініп, «Таза Қазақстан» тақырыбы бойынша өз ойларын сурет арқылы бейнелеп, табиғатты қорғау жөніндегі түсініктерімен бөлісті. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға белсенді …

3 Наурыз – Дүниежүзілік жабайы табиғат күні

Бүгін – табиғаттың таңғажайып әлемін қорғауға назар аударатын күн! Жабайы табиғат – жеріміздің ажырамас бөлігі, оның әрбір тіршілік иесі экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға үлес қосады. Бұл күн бізге табиғатты аялаудың, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғаудың маңыздылығын еске салады. ❗ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында:•Сүтқоректілер – 48 түрі, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгені – …