🔥 Қауіпсіздік — басты назарда!

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Атырау ауылдық округінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен бірлескен жиналыс өтті. Жиын барысында өрт қаупінің алдын алу, резерват аумағына малдың еркін кіруіне жол бермеу және ретсіз мал жаю мәселелері талқыланды. Табиғи аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді. Табиғатты қорғау — …

🔹ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

2026 жылдың 7 сәуір күні Zoom платформасы арқылы өткен жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Мұратуллин Жанадил Тлеккабылұлы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті …

🐟 «Бекіре–2026» балық қорғау акциясы

2026 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында «Бекіре–2026» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтуде. Акцияның мақсаты — су биоресурстарын, әсіресе бекіре тұқымдас балықтарды сақтау, заңсыз аулаудың алдын алу және олардың табиғи мекендеу ортасын қорғау. Акция барысында балықтардың уылдырық шашу кезеңіндегі миграция жолдары қорғалып, су айдындарында рейдтік жұмыстар …

Дамба аумағында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔥 Өрт қаупі бар маусымның басталуына байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.На территории дамбы проведена разъяснительная работа с населением.

🕊️ 1 сәуір – Халықаралық құстар күні

«1 сәуір – Халықаралық құстар күніне» орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бірлесіп танымдық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – құстар әлемін таныстыру, биоалуантүрлілікті сақтау маңызын түсіндіру және жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Іс-шара барысында қатысушыларға құстарды қорғау, олардың тіршілік ортасын сақтау, сондай-ақ өңіріміздегі құстардың ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Семинар …