«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында «Өрт–2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты – дала және табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтап, төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру. Жоспарға сәйкес, құрғақ ауа райы мен қатты желдің салдарынан резерват аумағында құрғақ шөп тұтанып, өрттің елді мекенге таралу қаупі туындаған жағдай шартты түрде пысықталды. Шартты өртті сөндіруге ТЖД бөлімшелері, резерват қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру жасағы …
