🤝 Ғылыми ынтымақтастық – табиғатты қорғаудың маңызды қадамы!

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 🔬 Енді ихтиология, гидробиология және гидрохимия бағыттарында бірлескен зерттеулер жүргізіліп,🐟 су айдындарындағы балық қорлары зерттеледі,🌿 экожүйелердің жай-күйі талданады,💧 су сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі. 🌍 Бұл жұмыстар табиғи байлығымызды сақтауға және биоалуантүрлілікті қорғауға өз үлесін қосады. Ақжайық …

🔹Ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре–2026» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтуде.

Акция аясында резерват аумағында мекеме инспекторлары рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағына сәйкес 3 иесіз құқықбұзушылық дерегі анықталып, заңсыз ауланған күйдегі қара балық тұқымдасына жататын сазан, көксерке, жайын балықтары және ау құралдары тәркіленді.Сонымен қатар, екі дана бекіре тұқымдас балық тірі күйінде су айдынына қайта жіберілді.Рейдтік жұмыстар жалғасуда.

🔹«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Новинский» зоологиялық қаумалында құстардың көктемгі санағы жүргізілді.

Бұл санақ – құстардың көктемгі оралуын тіркеп қана қоймай, олардың санын, таралуын және экожүйенің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір дерек – табиғатты сақтауға бағытталған маңызды қадам. Табиғаттағы әрбір өзгеріс – маңызды. Ал оны бақылау – біздің міндет 💚

Ғылым және мониторинг бөлімінің мамандарының кезекті далалық жұмыстары 📊

Табиғатты қорғау мен сақтау – үздіксіз бақылауды қажет ететін маңызды үдеріс. Осы мақсатта бөлім мамандары тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Мониторингтің негізгі маңызы – табиғи ортаның жағдайын бақылау, өзгерістерді дер кезінде анықтау және олардың себептерін талдау. Бұл жұмыстар экожүйенің тұрақтылығын сақтауға, биоалуантүрлілікті қорғауға және қоршаған ортаға кері әсер ететін факторлардың алдын алуға мүмкіндік береді. …