🏅МАРАПАТТАЛДЫ

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкер-ихтиолог маманы Сабирова Сымбат Жалғаспаевна қоршаған ортаны қорғау күні «Эколог күні» кәсіби мерекесі қарсаңында экология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен табиғатты қорғау ісіндегі жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Әріптесімізді жоғары марапатымен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, …

🌿 Ақтау қаласында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай өңіраралық экологиялық форум өтті.

Батыс өңірінің өкілдерін бір алаңға жинаған жиында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жасыл технологияларды енгізу және эко-волонтерлікті дамыту мәселелері талқыланды.Форум үш секция бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өңірлерге ортақ экологиялық түйткілдер бойынша пікір алмасты.Аталған форумға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының маманы С.Ж. Сабирова қатысты.Қорытындысында өңіраралық экологиялық бағдарлама қабылдау жоспарлануда.

🏅 МАРАПАТТАЛДЫ

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Манарбек Өтегенұлы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай атап өтілетін «Эколог күні» кәсіби мерекесі қарсаңында экология саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Әріптесімізді зор денсаулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз! Табиғатты қорғау жолындағы еңбегіңіз әрдайым …

🔹 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

2026 жылғы 4 маусымда Абай атындағы Атырау қалалық оқушылар орталығында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен “5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау” күніне арналған мерекелік іс-шара және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында, сондай-ақ «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясының жабылу салтанаты өтті. Іс-шараны «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ директоры Ж.Т. Муратуллин құттықтау сөзімен ашып, …

🔹2026 жылғы 3 маусымда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында “5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау” күніне орай «Экологиялық бастамалар және экотуризмді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдардың және туризм саласының өкілдері қатысып, өңірдегі экологиялық ахуал, табиғатты қорғау және экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту және тұрақты экотуризмді дамыту бағытындағы өзекті ұсыныстар қарастырылды.

🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – ел мақтанышы

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген құрметті дәріптейтін маңызды мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіз еліміздің басты нышандары. Олар халқымыздың тарихын, мәдениетін және болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың парызы. Құрметті әріптестер! Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер …

🔹Табиғатты танып, қорғауға бірге үйренейік! 🌿

2026 жылғы 2 маусым күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мекемесінде №4 Ю.А. Гагарин атындағы орта мектеп жанындағы «Жұлдыз» жазғы демалыс лагерінің оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар резерваттың тыныс-тіршілігімен танысып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы, биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және …

🔹ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының №27-04/60-жқ бұйрығына сәйкес, Махметова Назерке Талғатқызы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары лауазымына 2026 жылғы 1 маусымнан бастап тағайындалды. Осыған орай, ұжым алдында Резерват директоры Ж.Т. Муратуллин тағайындау туралы бұйрықпен таныстырып, әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтады. …