Ғылым және мониторинг бөлімі кезекті далалық мониторинг жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жаңа мониторингтік маршруттар қаралып, гербарий үлгілері жиналып, құстарға мониторинг жүргізілді. Табиғи экожүйелердің жай-күйін бағалауға бағытталған зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.
Жайық сағасы мен Каспий жағалауының биоалуантүрлілігін сараптау барысында Каспийге ғана тән эндемик ұлу – Pyrgohydrobia conica анықталды.Бұл кішкентай бауыраяқты моллюск қамысты, лайлы-құмды таяз суларда тіршілік етеді және су экожүйесінің экологиялық жағдайын көрсететін маңызды индикатор болып саналады.Өлшемі шағын болғанымен, ол органикалық қалдықтар мен балдырларды тұтынып, судың табиғи тазаруына үлес қосады әрі балықтар мен су құстары үшін …
Өрт қауіпті кезеңде табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бірлесіп резерват аумағында шолу және тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бақылауға алынып, ықтимал қауіптердің алдын алу шаралары қарастырылды. Сонымен қатар резерват мамандары өрттің таралуына жол бермеу мақсатында минералды жолақтардың жай-күйін тексеріп, олардың …
