Қазақстан халқының тілдері күніне орай

“5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне”орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері С.Ж. Сабирова мемлекеттік тілдің дамуы мен насихатталуына өз үлесін қосып келеді. Қазақ тілінің Ұлттық корпусын кеңейту мақсатында ихтиология және балық шаруашылығына қатысты 2000-нан астам терминді қазақ және орыс тілдерінде жинақтап, Ұлттық терминология комиссиясының қарауына ұсыну үшін Атырау облысының …

«38. Соңғы нүкте» фильмін тамашалады

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин, директордың орынбасарлары және мекеме қызметкерлері «38. Соңғы нүкте» көркем фильмін тамашалады. Драма-катастрофа жанрындағы бұл туынды табиғи апатпен бетпе-бет келген орманшылардың тағдырын арқау етеді. Фильмде адам өмірінің құндылығы, кәсіби жауапкершілік, достық, отбасы, ерлік пен қиын сәттегі таңдау мәселелері кеңінен қозғалады. Картина қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына …

Минералды жолақ

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында минералды жолақтарға күтім жасау жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – өрттің таралуына жол бермеу және табиғи аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.