Ағымдағы жылдың қараша айының 5-6 күндер аралығында «Ақжайық» МТР акт залында Табиғи кешенді қорғау, өсімін молайту және табиғатты пайдалану бөлімінің орман шебері А.М. Хибашев мемлекеттік инспекторларға семинар сабағын өткізді.
Семинар сабақтың басты мақсаты — мемлекеттік инспекторларға бекітілген айналымдарда күнделікті аң — құс, өсімдіктер әлеміне бақылау және есеп жұмыстарын жүргізу.