2024 жылдың 11 қарашасынан бастап, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес, «Ақжайық» МТР РММ өрт қаупі бар маусымы ресми түрде аяқталды.
Осы маусымда Резерват аумағында жалпы ауданы 342,35 га болатын 2 дала өрті тіркеліп, жедел анықтаудың және оларды сөндіру үшін уақытылы қабылдаған шаралардың арқасында өрт ошағы дер кезінде жойылған болатын.
Осы дала өртін ескере отырып Резерват 2025 жылдың өрт қаупі бар маусымына бүгінгі күннен бастап дайындық жұмыстарын жүргізуді қолға ала отырып, көрікті де әсем табиғатымызды, шағын орманымызды өрттен қорғауға шықырамыз!

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *