2024 жылдың қараша айының 11-і күні Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінде «Жайық өзенінің түбінің таяздануы мен ластануының экологиялық мәселелері және биоәртүрлілікті сақтау мәселелерін шешу жолдары» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысқан модераторлар: «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Т. Махметова, АҚ «Каспиймұнайгаз» «Ғылыми-зерттеу және жобалау институты», кешенді экологиялық қызметтер көрсету орталығының директоры Б.Б. Болатханов, РМК Атырау облысы бойынша филиалы «Казгидромент», инженер-химик М.С. Сегизбаева, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті, зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің бас маманы И.С. Жайлашева, Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау Университетінің «Экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ж.С. Есенаманова.