Ағымдағы жылдың 14-16 қараша айы аралығында заңсыз аңшылықтың және браконьерліктің алдын-алу мақсатында “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерваты мемлекеттік инспекторлары мекемеге қарасты “Новинский” қаумалында рейдтік іс-шара жүргізді.
Рейд шарасы кезінде 15 қараша күні ҚР ӘҚБтК-ң 382 бабы 3 тармағы бойынша “Aң аулау қағидаларын өрескел бұзған” үшін 3 жеке тұлғаға Құрманғазы аудандық сотымен әкімшілік құқық бұзушылық заттары (қарулары) мемлекет кірісіне тәркілене отырып, жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта аумақтарда күзету жұмыстары күшейтілген қарқынында жүргізілуде.