«Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық дәріс

«Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық дәріс

2025 жылдың 6 ақпанында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары №4 Ю.А. Гагарин атындағы орта мектебінің оқушыларымен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында маңызды экологиялық дәріс өткізді. Шараның мақсаты — табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.

Дәріс барысында оқушылар экология саласында жаңа мәліметтер алып, қоршаған ортаны қорғауға қатысты пайдалы кеңестермен бөлісті.

Дәріс соңында кейбір оқушылардан арнайы сұхбат алынды. Олар өз әсерлерімен бөлісіп, алған білімдерін күнделікті өмірде қалай қолданатындарын айтып өтті. Экологиялық сана-сезімдерін дамытуға мүмкіндік берген бұл шараның маңыздылығын ерекше атап өтті.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *