2025 жылдың 3-ші ақпан күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандарымен және Атырау қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларымен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұқымдарды контейнерлерге отырғызу арқылы көшет өсіру іс-шарасы өтті.
Әрбір отырғызылған тұқым — болашақта жасыл желекке айналып, қаламыздың экологиясын жақсартуға үлес қосады. Бұл акция табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны тазартуға және көгалдандыруды арттыруға бағытталған. Жалпы 30 шаған тұқымдары егілді