Атырау қаласындағы «Apec Petrotechnic Жоғары колледжі» ЖШС-де 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Мамандықтар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Іс-шараға «Ақжайық» МТР-ның маманы да қатысып, оқушыларды табиғат қорғау саласының қыр-сырымен таныстырды.
Бұл жәрмеңке жас буынға түрлі кәсіби бағыттарды түсінуге және болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік берді.