2025 жылдың 13 наурызында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары мен Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығының №3 экология-биология бірлестігі бірлесіп, оқушыларға «Аң мен құс – елдің мүддесі» тақырыбында дәріс сабағын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға еліміздің аңдары мен құстарының маңызы туралы маңызды ақпарат берілді. Дәрістің соңында түрлі ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар арнайы көрмемен танысты.