2025 жылдың 4 ақпанында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары мен №50 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары бірлесіп, ағаш отырғызу шарасын өткізді.
Жалпы – 35 тал отырғызылды.
Қатысушылар саны – 50 адам.
Мақсат – жас ұрпаққа табиғатты сүюді, қорғауды үйрету және жасыл ортаны көбейту.
Табиғатты бірге қорғайық!
