2025 жылғы 13 наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен №18-2-5/569-И1 хаты келіп түсті. Онда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқыталдаудың анықтамасы ұсынылған.
Аталған анықтама ұжымда талқыланып, келесі шараларды назарға алутапсырылды:
•Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 380-бабын қолдану кезінде 43, 57 және 366-баптарындағы іс жүргізу тәртібін қатаңсақтау;
•Қызметкерлерге құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
•Болашақта заңбұзушылыққа жол беретін себептер мен жағдайларды жою бойынша нақты іс-шаралар қабылдау.


