Өрт сөндіру оқу — жаттығуы

2025 жылы 16 сәуірде Атырау қаласы Дамба ауылдық округінің дала аймағында табиғи аумақтардағы орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өрт тактикалық оқу — жаттығу өткізілді.
Іс -шара “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен,Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бірлесе отырып және жақын маңдағы ауылдық округтер — Дамба, Атырау, Кеңөзек, Еркінқала еріктілерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Резерваттан қатысқан техника: 1 бірлік – арнайы камаз АЦ көлігі, 4 – бірлік кіші өрт сөндірі УАЗ көліктері, 3 – дана трактор соққасымен.
Төтенше жағдайлар департаментінен: 2 бірлік – арнайы камаз АЦ көлігі, 1 – бірлік ТРЭКОЛ, 1 – бірлік тікұшақ