Көкнәр


“Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватында, Зарослый канал бойында, көкнәр гүлі кездесті. Көкнәр (лат. Papaver) — бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 11 түрі бар, көбіне далалы, шөлейт және таулы өңірлерде өседі. Қазақстан даласында жиі кездесетін, биіктігі 20-90 см-ге дейін жететін шөптесін өсімдік. Оның нәзік гүлдері ақ, сары, қызғылт, қып-қызыл түстерімен көз тартады.
Көкнәр – сұлулықтың ғана емес, табиғаттың байлығын да білдіретін өсімдік.