Экологиялық дәріс өткізілді

2025 жылдың 20 мамыр күні «Парктер шеруі – 2025» және «Таза Қазақстан» экологиялық акциялары аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің оқушыларымен экологиялық дәріс өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау тақырыптарында мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, дәріс соңында қатысушылар экологиялық фотокөрмені тамашалап, ақпараттық бетшелермен қамтамасыз етілді.