Өрт — тілсіз жау!

2025 жылдың 20 мамырында «Парктер шеруі – 2025» табиғат қорғау акциясы аясында Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектепте «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізді.

⠀ Мекеменің күзет инженері Г.Б. Беймбетова резерват аумағында және шекаралас аймақтарда өрттің алдын алу шаралары туралы баяндады.

Осындай түсіндіру жұмыстары арқылы табиғатты қорғауға әрқайсымыз үлес қоса аламыз.