ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ «АҚ ЖАЙЫҚ» РЕЗЕРВАТЫНДА

Табиғатпен үндестік – нағыз демалыс! Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі – «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватында табиғатты қорғау мен танымдық туризм қатар дамып келеді. Резерват аумағында экологиялық туризмді дамыту мақсатында арнайы 4 маршрут әзірленіп, ресми бекітілген.

Тур бағыттары:

«Табиғат әлемі»

• Көлікпен жүретін маршрут

• Ұзақтығы: 46 км | 5 сағ 50 мин

• Сәуір – Маусым | 30 адам

«Су әлемі»

• Көлікпен және қайықпен 

• Ұзақтығы: 64 км | 7 сағ 10 мин 

• Тамыз – Қазан | 4 адам

«Дала әлемі»

• Көлік, жаяу және велосипедпен 

• Ұзақтығы: 34 км | 4 сағ 10 мин 

• Шілде – Қазан | 15 адам

«Құстар жұмағы»

• Көлікпен, қайықпен

• Ұзақтығы: 57 км | 5 сағ 15 мин

• Мамыр – Қазан | 10 адам

БАЙ ТАБИҒАТ ӘЛЕМІ:

• 292 құс түрі (оның ішінде 36 түрі Қызыл кітапта)

• 48 сүтқоректі, оның ішінде Еуропа норкасы мен орыс выхохулі

• 32 балық түрі, оның 4-еуі – сирек кездесетін

• 227 өсімдік түрі, 2-еуі Қызыл кітапқа енген

ШАЛЫГА АРАЛЫ – ҚҰСТАРДЫҢ ҰЯСЫ

Атыраудан 45 км қашықтықта орналасқан Шалыга аралы – Қарабас шағаланың 14 мың ұясы орналасқан ерекше аймақ. Бұл арал — табиғаттың тұмса күйін, құстардың үнін, тыныштық пен үйлесімділікті сезінгісі келетіндер үшін мінсіз орын.

НЕ ҮШІН БАРУҒА ТҰРАРЛЫҚ?

✔ Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді көру
✔ Құстарды бақылап, суретке түсіру
✔ Балық аулау, ұлттық тағамдардан дәм тату
✔ Табиғатпен тынығу, экологиялық тәрбие алу
✔ Қаланың қарбаласынан алыс, шынайы тыныштық

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Ішімдік ішуге, темекі тартуға, от жағуға, шомылуға, қатты музыка қоюға тыйым салынады.
Барлық қатысушыларға құтқару кеудешелері беріледі, медициналық қобдиша және гидпен бірге жүру қамтамасыз етіледі.

Қосымша ақпарат пен брондау үшін:
Тел:+7 701 013 03 84

Инстаграм: gpr_akzhaiyk@mail.ru