2025 жылғы 9 маусым күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында болған өрт толықтай сөндірілді.
Өртті сөндіру жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар:
• «Ақжайық» МТР – 32 қызметкер, 10 техника бірлігі, 2 жүзу құралы;
• Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) – 83 маман, 15 техника бірлігі;
• «Қазавиақұтқару» АҚ – МИ-8 тікұшағы 10 мәрте әуеден су төгіп, барлығы 30 тонна су пайдаланылды.
Өрттің таралу қаупінің алдын алуға және салдарын жоюға бағытталған барлық іс-шаралар толық аяқталды.
⸻
Маңызды ескерту
Өрт толықтай сөндірілгенімен, резерват аумағында желдің әсерінен қара құйын (торнадо тәрізді жергілікті құйындар) пайда болуы мүмкін. Бұл – табиғи ландшафттың күйіп кетуі нәтижесінде жергілікті ауа ағындарының өзгеруінен туындайтын табиғи құбылыс.
Осыған байланысты резерватқа жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына сақтық шараларын сақтау ескертіледі.