МАРАПАТТАЛДЫ!

Батыс Қазақстан облысында іссапарда жүрген “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің инспекторлары Сатыбалды Сәрсенбайұлы мен Артур Боранқұлұлы Алғабас ауылдық округінің әкімінің қабылдауында болды. Инспекторлар аталған округ аумағында орналасқан бір үйден өрт шыққанын байқап, дер кезінде хабар беріп, өртті сөндіруге белсенді түрде атсалысқан. Өзгелерге үлгі боларлық осы іс-әрекеттері үшін округ әкімі оларға алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Осындай азаматтық жауапкершілік пен қырағылық – әрбір мемлекеттік қызметкер мен табиғат жанашырына үлгі. Ел игілігі жолында адал қызмет ету – үлкен құрмет пен сенімге лайық іс. Қызметтеріңізге сәттілік, жігер мен табандылық тілейміз! Табиғатты қорғау жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!
Осындай үлгілі істер әріптестеріміздің жоғары жауапкершілігі мен елге деген адал ниетін дәлелдейді. Ұжым болып сіздермен мақтанамыз!