“Бекіре-2025” акциясы қорытындыланды

2025 жылғы 12 маусымда Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында “Бекіре–2025” табиғат қорғау акциясының қорытындысы шығарылды.

Аталған шара барысында су биоресурстарын заңсыз аулауға жол бермеу, браконьерлікпен күрес және экологиялық бақылауды күшейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Акция аяқталғанымен, табиғатты қорғау мен заңсыз балық аулауға қарсы күрес шаралары жыл бойы жалғасады.