Резерват қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-де ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары А.В. Кимнің төрағалығымен өткен жиын хаттамасы талқыланып, назарға алынды.

Осыған орай 04.09.2025 ж. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Р.Г. Даулетовтың төрағалығымен Резерват қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша төмендегідей шешімдер қабылданды:

  • барлық қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтауын қамтамасыз ету;
  • шектеулерді бұзған тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қолдану;
  • мекеме қызметкерлері арасында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.