Құрметті әріптестер, аңшылық шаруашылығы саласының қызметкерлері!

2024 жылғы 11 маусымда кәсіби мерекелер тізбесіне қыркүйек айының бірінші сенбісі Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері күні ретінде енгізілді.

Бүгін біз табиғатты қорғауға, жануарлар дүниесін сақтауға және байтақ дала байлығын келер ұрпаққа аманат етуге өз үлесін қосып жүрген жанқияр мамандарды шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің еңбектеріңіз – заңсыз аңшылықтың алдын алу, биоалуантүрлілікті қорғау және жасыл болашаққа қызмет ету.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!

Құрметпен,
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты