Ихтиология бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалды

«Ақжайық» МТРМ Ғылым және мониторинг бөлімінің ихтиолог маманы С.Ж. Сабирова және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалы 2025 жылғы 100-тармақтың 021 мемлекеттік бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Жайық–Каспий бассейнінің Жайық өзені (Приморский және Правояицкий каналдары) аумағында ихтиологиялық сынамалар жиналып, ғылыми-зерттеу балық аулау жұмыстары атқарылды.

Бұл зерттеу – су айдындарындағы балық қорының жағдайын бағалау, өнімділігін анықтау және балық аулау ережесін реттеу үшін биологиялық негіздеме әзірлеуге бағытталған.