2025 жылғы 17 қыркүйекте «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының № 3 «Приморский» бекетінде Резерват ұжымы мен Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы «Таза өлке» экологиялық акциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы экожүйені қоқыстан тазарту арқылы өңірдің табиғи байлығын сақтау және қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Акцияға барлығы 40 адам қатысып, бірлескен күшпен шамамен 100 кг тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы орынға шығарылды.
