«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында аншлагтар жаңартылып, минералдық жолақтар төселді

Табиғатты қорғау инфрақұрылымын жақсарту мақсатында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында бірқатар жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Жаңа ақпараттық және ескерту аншлагтары орнатылып, толықтай жаңартылды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігін күшейту және өсімдіктер дүниесін сақтау үшін минералдық жолақтар салынды.

Бұл шаралар резерваттағы экожүйені қорғауға, келушілерге түсіндіру жұмыстарын жетілдіруге және өрттің алдын алуға елеулі үлес қоспақ