«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандарының ұйымдастыруымен Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясының 9-шы сынып оқушыларына «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында дәріс өткізілді.

Іс-шара Резерват аумағында табиғатты таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушыларға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экожүйесі таныстырылып, қамыс қауымдастығының табиғаттағы маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар қамыстың өртенуінің жануарлар дүниесіне, өсімдіктерге және жалпы экожүйеге тигізетін зиянды әсері туралы айтылып, табиғатты қорғау мен өрттің алдын алу шаралары жөнінде кеңес берілді.