2025 жылғы 19 қыркүйекте «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының № 2 «Рыбоходный» бекетінде Резерват ұжымы мен Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғи су көздерін қоқыстан тазарту.
Акцияға барлығы 50 адам қатысып, бірлескен күшпен шамамен 30 кг тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы орынға шығарылды.
—————————————————————————————
