2025 жылдың 25 қыркүйегінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Фариза Оңғарсынова атындағы мектептің оқушыларына табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша мазмұнды танымдық дәріс өткізді.
Бұл кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру және биоалуантүрлілікті сақтаудың маңызын ұғындыру болды.
Іс-шара барысында мамандар биоалуантүрліліктің ғаламдық экожүйедегі рөлі мен оны қорғаудың нақты жолдары туралы кеңінен ақпарат беріп, оқушылардың қызығушылығын оятты.
